Әділет және даму партиясы үміткеріне қарулы шабуыл жасалды

Басшылар 1 адам ауыр жараланған шабуылдың артынан наразылық көрсетті.

2100542
Әділет және даму партиясы үміткеріне қарулы шабуыл жасалды

Стамбулдың Күчүкчекмедже ауданында Әділет және даму партиясының аудан әкімі үміткері Азиз Йениайға сайлау науқаны кезінде ұзақ атымды қару және тапаншамен шабуыл жасалды.

1 адам ауыр жараланған шабуылдың артынан полиция топтары оқиғаға қатысы бар адамдарды ұстау үшін операция бастады.

Президент Режеп Тайып Ердоған шабуылға байланысты әлеуметтік желідегі жазбасынан қарулы шабуылды қатаң түрде айыптады.

Ердоған «Біз сайлау процесінің салауатты және демократиялық ілгерілеуіне шыдай алмайтындардың күш-жігерінің процесті улауына ешқашан жол бермейміз. Демократияға, бірлігіміз бен ынтымағымызға қарсы жасалған кез-келген шабуыл өз мақсатына жете алмайды» деді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш болса әлеуметтік желідегі парақшасынан шабуылды айыптап, «Демократияның ең маңызды көрсеткіштерінің бірі – еркін сайлау кезінде атылған әрбір оқ – ұлттық ерік-жігерге қарсы жасалған бір қастандық» деді.

Демократияны нысанаға алған кез-келген әрекеттің ешқашан мақсатына жете алмайтынын айтқан Куртулмуш «Бірлігіміз бен бауырластығымызға ешкім зиян келтіре алмайды» деді.

Вице-президент Джевдет Йылмаз да әлеуметтік желідегі жазбасында шабуылды қатаң түрде айыптады.



Ұқсас жаңалықтар