Ердоған Габарда сапалы мұнай тапқандарын еске салды

Президент Ердоған сейсмикалық барлау жұмыстарының жалғасатынын баяндады.

2100509
Ердоған  Габарда сапалы мұнай тапқандарын еске салды

Президент Режеп Тайып Ердоған Габардағы мұнай ұңғымаларындағы күнделікті өндірістің бүгінгі күні 35 мың баррельден асқанын және 2024 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100 мың баррельге жеткізуді мақсат еткендерін білдірді.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған Зонгулдактағы Кеншілер ескерткішінде өткен митингте сөз сөйледі.

Қаратеңізде табылған 25 текше метр табиғи газды тұрғын үйлерде асхана және су жылыту үшін 11 айға тегін бергендерін еске салған Ердоған өтінішті сәуір айына дейін ұзартқандарын айтты.

Ердоған сейсмикалық барлау және бұрғылау жұмыстарының жалғасатынын баяндады.

Энергетикада толық тәуелсіздікке жетудің ең маңызды мақсаты екенін түсіндірген Ердоған «Түркияның энергетикалық қауіпсіздігіне сенімділік және батылдықпен кепілдік беретін қадамдарды басып  жатырмыз» деді.

Ержоған Қаратеңізде табиғи газ табылғаннан кейін Шырнак Габарда жоғары мөлшерде және сапалы мұнай тапқандарын еске салды.



Ұқсас жаңалықтар