Түріктің тұңғыш ғарышкері бүгін ұшады

Президент Ердоған бүгін түнде Халықаралық ғарыш стансасына ұшырылатын тұңғыш түрік ғарышкермен сөйлесті.

2089578
Түріктің тұңғыш ғарышкері бүгін ұшады

Президент Режеп Тайып Ердоған Ұлттық Ғарыш бағдарламасының алғашқы сатысы болып табылатын «алғашқы ғарышкермен ғарыш миссиясы» шеңберінде бүгін түнде Халықаралық ғарыш стансасына ұшырылатын тұңғыш түрік ғарышкер Алпер Гезеравжымен сөйлесті.

Министрлер кабинеті жиналысы кезінде өткен кездесуде Президент Ердоғанның «Ғарыш міндетін атқаратын тұңғыш азаматымыз сен боласың. Ұлтымыздың мақтанышы боласың. Дайынсың ба?» деген сұрағына Гезеравжы дайын екенін білдірді.

Ердоған былай деді: «Осы міндет әрі ғылым миссиясы,  әрі балаларымызға, жастарымызға шабыт болатындай құнды. Жаңа бастау болады деп сенемін. Осы миссия жалғасын табады. Мақсатты арттыра береміз. Саған және командалас жолдастарыңа табыс тілейміз. Аман-есен міндетті атқарып келуіңе тілектеспін. Алла Тағала жар болсын. Жолың ашық болсын»



Ұқсас жаңалықтар