"Барлық лаңкесті жоюға тапсырма берілді"

Президент Ердоған үкімет отырысынан кейін мәлімдеме жасады.

2089557
"Барлық лаңкесті жоюға тапсырма берілді"

Президент Режеп Тайып Ердоған «Біз қауіпсіздік күштеріне жанында, аймағында немесе артында кім бар екеніне қарамастан, анықталған барша лаңкестік элементтерді жоюды тапсырдық» деді.

Президент Ердоған үкімет отырысынан кейін мәлімдеме жасады.

Ол Түркияның терроризмнің көзін жоюға бағытталған табанды стратегиясының аймақта террор мемлекетін құруды жоспарлағандарды алаңдатқанын айтты.

Президент «Сепаратистік террор ұйымы PKK-ны қару-жарақ, оқ-дәрі, оқу-жаттығу көмегі арқылы күшейту әрекеттері жеделдеді” деді.

Ол сонымен бірге шекаралық операциялардың Түркияны заңсыз көші-қон толқыны арқылы ішкі дағдарысқа итермелеуге бағытталған қастандықтардың да алдын алғанын атап өтті.

«Империалисттердің Ирак пен Сирияда «террорстан» орнату жоспарлары жойылмайынша ешқайсымыз өзімізді қауіпсіз сезіне алмаймыз» деген Ердоған «(Терроризммен күресте) Кімнің не айтқанына немесе қандай қоқан-лоққы жасағанына қарамастан, алдағы айларда осы бағытта міндетті түрде жаңа қадамдар басамыз” деді.



Ұқсас жаңалықтар