Ирактың солтүстігіне әуе операциясы жасалды

Әуе операциясында 15 нысанның жойылғаны білдірілді.

2085198
Ирактың солтүстігіне әуе операциясы жасалды

Ирактың солтүстігінде жүргізілген әуе операциясында ішінде басшылық кадрларынан террористтер бар 15 нысан жойылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде бөлшектеуші террор ұйымы PKK/KCK және басқа да террорлық топтарды залалсыздандырып, Ирактың солтүстігінен халық пен қауіпсіздік күштеріне бағытталған лаңкестік шабуылдарды жою және шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен операциялар жалғасқаны білдірілді. Сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 51-бабынан туындайтын өзін-өзі қорғау құқығына сәйкес Ирактың солтүстігіндегі Метина, Гара, Хакурк, Кандил және Асос аймақтарындағы террорист нысандарына әуе операциясы жасалғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Жүргізілген әуе операциясымен бөлшектеуші террор ұйымы пайдаланған және ішінде басшылық кадрларынан террористтер бар екені болжалған үңгір, баспана мен қоймалардан тұратын 15 нысан жойылды. Жасалған операцияларда отандық оқ-дәрілер барынша қолданылып, көптеген террорист залалсыздандырылды» делінді.

Ел мен ұлттың амандығы мен қауіпсіздігі үшін террормен күрестің «бірде-бір террорист қалмайынша» табандылықпен жалғасатыны атап көрсетілген мәлімдемеде «Осы операциялар барысында жазықсыз бейбіт тұрғындарға, дос күштерге, тарихи және мәдени құндылықтар мен қоршаған ортаға зиян келтірмеуі үшін барлық сақтық шаралары қабылданды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар