Ердоған Украина және Сомали президенттерімен сөйлесті

Ердоған Украина президенті Владимир Зеленский және Сомали президенті Хасан Шейх Махмудпен телефон арқылы сөйлесті.

2084987
Ердоған Украина және Сомали президенттерімен сөйлесті
erdogan-mahmud.jpg
zelenskiy-erdogan.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Украина президенті Владимир Зеленский және Сомали президенті Хасан Шейх Махмудпен телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының әлеуметтік медиа аккаунтындағы жазбаға қарағанда, Ердоған-Зеленский әңгімеде аймақтық және жаһандық мәселелер, әсіресе Украина-Ресей соғысы талқыланды.

Әңгіме барасында президент Ердоған Түркияның Украинада да, Палестина жерінде де қантөгісті тоқтату және тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін қарқынды талпыныс жасап жатқанын айтып, Түркияның бейбітшілікті орнату ету үшін жеңілдетуші рөлін алуға және бейбіт келіссөздерді қабылдауға дайын екенін білдірді.

Президент Ердоған астық дәлізінің қайта құрылымдалып іске қосылуының маңызды екенін және осы мақсатта дипломатиялық байланыстарды жалғастыратынын айтты.

Әңгімеде Ердоған Украинада тез арада атысты тоқтатуға қол жеткізіліп, бейбітшілік үшін есіктің ашылуы керектігін мәлімдеді.

Президент Ердоған мен Сомали президенті Махмуд арасындағы телефон арқылы сөйлесуінде Түркия-Сомали қарым-қатынастары, терроризммен күрес, жаһандық және аймақтық мәселелер талқыланды.

Әңгіме барысында  Ердоған Түркияның терроризммен күресте Сомалидің жанында екенін және екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі жалғасатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар