Алғаш рет бір түрік ғарышқа ұшады

Түркияның тұңғыш ғарыш жолаушысы жолға шығады.

2084508
Алғаш рет бір түрік ғарышқа ұшады

Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр Түркияның тұңғыш ғарыш жолаушысы Алпер Гезеравжының 17 қаңтар күні түнде Халықаралық ғарыш стансасына ұшатынын білдірді.

Министр Түркияның тұңғыш ғарыш жолаушысының «Ax-3” экипажымен бірге Түркия уақытымен сағат 01.11-де ұшатынын хабарлады. «Бұл тарихи міндет Түркияның ғарыш ғылыми зерттеулерінде маңызды қадам, сонымен бірге болашақ ұрпақ үшін үлкен шабыт болады» деді ол.

Экипаж бір жарым күн ұшқаннан кейін 19 қаңтар күні Халықаралық ғарыш стансасына жетеді деп жоспарланды.



Ұқсас жаңалықтар