Стамбулда үлкен шеру ұйымдастырылды

Стамбулда «Шейіттерімізге рақым, Палестинаға қолдау, Израильге қарғыс» атты шеру өтті.

2082708
Стамбулда үлкен шеру ұйымдастырылды
istanbul filistin'e destek yuruyusu3.jpg
istanbul filistin'e destek yuruyusu2.jpg
istanbul filistin'e destek yuruyusu1.jpg
istanbul filistin'e destek yuruyusu.jpg

Стамбулда Түркиядағы 308 азаматтық ұйымның қатысуымен жаңа жылдың алғашқы таңында «Шейіттерімізге рақым, Палестинаға қолдау, Израильге қарғыс» атты шеру өтті.

Шеру үшін Галата көпіріне он мыңдаған адам жиналды.

Айя-София Кебир мешіті, Эминөнү жаңа мешіті, Сұлтанахмет мешіті және Сүлеймание мешітінде таң намазы оқылған соң террор ұйымы PKK-ның қолынан шейіт болған сарбаздар мен Израиль шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтар үшін дұға оқылды.

Қаладағы 4 үлкен мешітте оқылған таң намазынан кейін мешіттер алдына жиналған жамағат кортеждің сүйемелдеуімен Галата көпіріне жетті.

Қолдарына Түркия және Палестина жалауларын ұстаған қатысушылар «Шейіттер ешқашан өлмейді, Отан бөлінбейді», «Бірлескен сатқындар жауапқа тартылады, қанішер Израиль жауап береді», «Қанды қол Израиль Палестинадан кет», «Хамасқа сәлем» сынды ұрандар салды.



Ұқсас жаңалықтар