3 террорист залалсыздандырылды

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық 3 террорист залалсыздандырылды.

2082468
3 террорист залалсыздандырылды

Мардиннің Нусайбин ауданында жүргізілген операцияда бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық 3 террорист залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрі Али Йерликая әлеуметтік желідегі парақшасында операцияның егжей-тегжейлерімен бөлісті.

Мардиннің Нусайбин ауданына қарасты Багок ауылында жүргізілген операцияға жандармерия  және қауіпсіздік қызметкерлерінен құралған арнайы топтар қатысты.

Әуе күштері қолбасшылығы мен жандармерия қарулы ұшқышсыз әуе көлігінің қолдауымен жасалған операцияда жасыл санатта іздеуде жүрген Делил Бал, сұр санатта іздеуде жүрген Ислам Олчай және Сирия азаматы Раман Локман есімді террористтер залалсыздандырылды.



Ұқсас жаңалықтар