Ердоған еврей халқын Ханука мерекесімен құттықтады
Ердоған Ханука мерекесіне байланысты жолдауында еврей сеніміндегі барлық азаматтарды құттықтады.
Президент Режеп Тайып Ердоған Ханука мерекесіне байланысты жолдауында еврей сеніміндегі барлық азаматтарды құттықтады.
Тіл, наным-сенім және нәсілге байланысты кемсітушілікті жоққа шығаратын толеранттылық түсінігінің тамыры терең тарих пен өркениет қалдырған ең құнды мұралардың бірі екеніне назар аударған Ердоған: «Әлемнің түрлі бөліктерінде әртүрлі наным-сенімдерге төзбеушілік күшейіп жатқан қазіргі әлемде біз кемсітушіліктің барлық түріне қарсы тұру арқылы осы құндылықтарды қорғауға үлкен мән береміз. Біздің барлық азаматтарымыздың өз сенімдері бойынша өмір сүру еркіндігі болады. Мен еврей азаматтарымызды Ханука мерекесімен құттықтаймын және оларға амандық тілеймін» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Хафан Фидан Ханке Брюинс Слотпен кездесті
Хакан Фидан Голландия Сыртқы істер министрі Ханке Брюинс Слотпен кездесті.
Ердоған Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесті
Ердоған Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесті.