АҚШ Ердоған мен Мицотакистің кездесуіне ризашылығын  білдірді

Президент Ердоған кеше Афиныға барып, Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесі аясында Мицотакиспен келісімдерге қол қойды.

2074063
АҚШ Ердоған мен Мицотакистің кездесуіне ризашылығын  білдірді

АҚШ Мемлекеттік департаменті Президент Режеп Тайып Ердоған мен Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакистің кездесуін құптағанын білдірді.

АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз хатшысының мәлімдемесінде  «АҚШ Түркия Президенті Ердоған мен Грекия премьер-министрі Мицотакистің кездесуін үлкен ризашылықпен қарсы алады» делінді.

Мәлімдемеде «Америка Құрама Штаттары Грекия мен Түркияның аймақтағы бейбітшілік, қауіпсіздік және өркендеуді ілгерілету үшін барлық деңгейдегі екіжақты келіссөздерді қолдайды» деді.

Президент Ердоған кеше Афиныға барып, Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесі аясында Мицотакиспен келісімдерге қол қойды.

Екі ел басшылары ортақ баспасөз мәслихатында диалог пен ынтымақтастықты ілгерілету туралы мәлімдеме жасаған еді.



Ұқсас жаңалықтар