Нуман Куртулмуш АҚШ-қа наразылық көрсетті

Нуман Куртулмуш АҚШ-тың Газада атысты тоқтатуға қарсылығына наразылық білдірді

2071602
Нуман Куртулмуш АҚШ-қа наразылық көрсетті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Газада атысты тоқтатуға қарсылығына наразылық білдірді.

Куртулмуш Стамбул Йени Йүзйыл Университетінің 2023-2024 оқу жылының ашылу салтанатында сөз сөйледі.

Израиль-Палестина мәселесінің Хамастың шабуылы нәтижесінде пайда болған мәселе ретінде қарастырылмау керектігін түсіндірген Куртулмуш бұл мәселенің Израиль басқыншылығы астындағы Палестинаның шешімін таппай қалуының табиғи нәтижесі екенін айтты.

Нуман Куртулмуш  АҚШ «Біз тұрақты атысты тоқтатуға қарсымыз» дегеннен кейін  кейін Израильдің бүгін шабуылдарын қайта бастағанын еске салды.

Куртулмуш 1967 жылғы шекаралар ішінде астанасы Иерусалим болатын Палестина мемлекетін құру, еврей басқыншыларын басып алған үйлер мен ауылдардан тазартып, бастапқы иелеріне қайтару үшін шарттар жасалмайынша, Таяу Шығыста бейбітшілікке қол жеткізуге болмайтынын баяндады.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Куртлумуш «Біз Түркия ретінде езілген Палестина халқының қасында боламыз. Таяу Шығыста түбегейлі бейбітшілік орнатуға күш саламыз» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар