КOMCEК 39-шы Министрлер жиналысы Стамбулда өтеді
КOMCEК 39-шы министрлер жиналысы 2-5 желтоқсанда Стамбулда өтеді.
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Сауда және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитетінің (КOMCEК) 39-шы министрлер жиналысы 2-5 желтоқсанда Стамбулда өтеді.
Президенттік Стратегия және бюджет басқармасының мәлімдемесіне сәйкес, жиналыс аясында 2-3 желтоқсанда өтетін Жоғары деңгейдегі сарапшылар отырысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша техникалық талқылаулар өткізіледі және Министрлер сессиясына жобалар ұсынылады.
Министрлер жиналысы 4 желтоқсанда президент Режеп Тайып Ердоғанның ашылу сөзімен басталады.
Вице-президент Джевдет Йылмаз жиналыстың жұмыс және жабылу отырыстарын басқарады.
Жиналысқа мүше елдер делегацияларынан бөлек, ИЫҰ-ның тиісті ұйымдары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды
Президент Режеп Тайып Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды.
Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Брюссельде
Жиында министр Гүлер жиналыс залында АҚШ-тық әріптесі Ллойд Остинмен қысқаша сөйлесті.