Гутерришпен сөйлесті

Израиль тақырыбы талқыланды.

2070140
Гутерришпен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік аппараттың мәлімдемесіне қарағанда, телефон әңгімесінде «Израильдің Газа секторындағы заңсыз шабуылдарына қарсы халықаралық қоғамдастықтың қадамы, гуманитарлық дағдарыстың шешіміне қатысты ұсыныстар және тұрақты бейбітшілік жолындағы талпыныстар» талқыланды.

Сонымен бірге президент Ердоған Израильдің халықаралық қоғамдастықтың көз алдында халықаралық құқықты, соғыс заңын және гуманитарлық құқықты бұзуын жалғастырып жатқанын және халықаралық құқық алдында жасаған қылмыстары үшін жауап беруі керектігін айтты.



Ұқсас жаңалықтар