Али Йерликая Йлва Йоханссонмен кездест

Ішкі істер министрі Али Йерликая  Бельгияның астанасы Брюссельге барды.

2068500
Али Йерликая Йлва Йоханссонмен кездест

Ішкі істер министрі Али Йерликая Түркия-Еуропа Одағы көші-қон және қауіпсіздік жоғары деңгейдегі диалогының екінші отырысы үшін Бельгияның астанасы Брюссельге барды. Йерликая бұл жерде  Еуропа Одағының (ЕО) Ішкі істер комиссары Йлва Йоханссонмен кездесті.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Түркия-ЕО жоғары деңгейдегі көші-қон және қауіпсіздік диалогының екінші отырысында заңсыз көші-қонның алдын алуға қатысты саясаттар мен әрекеттер туралы пікірлер ортаға салынып, бірқатар мәселелер бойынша ортақ тәсілдер айтылды. Отырыста шекара қауіпсіздігі және иммигранттар контрабандасымен күресу сияқты мәселелер талқыланды.

Кездесуде иммиграция және құқық қорғау мекемелерінің ынтымақтастықты қалай нығайта алатыны да қолға алынды.

Визаны либерализациялау диалогы аясындағы критерийлерді орындауда табысты нәтижеге қол жеткізу және осы мақсатта ынтымақтастықты жандандыру үшін ортақ ерік-жігерлері қайталағанды. Сонымен қатар, визалық процестерді жеделдету арқылы түрік азаматтарының сапарларын жеңілдету жолдарын зерттеуге келісті.

Қауіпсіздікке қатысты лаңкестік пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық пен өзара күш-жігерді арттыру, құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту келісілді.

Көші-қон және қауіпсіздік салаларындағы ортақ мүдделер бойынша ынтымақтастықтың барысын техникалық және жоғары мемлекеттік қызметшілер деңгейінде қарастыру үшін жүйелі түрде кездесуге шешім қабылданды.



Ұқсас жаңалықтар