Ердоған мен Мелони телефон арқылы сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Италия премьер-министрі Джорджия Мелонимен телефон арқылы сөйлесті.

2064862
Ердоған мен Мелони телефон арқылы сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Италия премьер-министрі Джорджия Мелонимен телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда әңгіме барысында Израильдің Газа секторында зорлық-зомбылықты арттырған және адам құқықтарын бұзуды қамтитын шабуылдар және аймақтағы гуманитарлық дағдарыс талқыланды.

Президент Ердоған Палестина жеріне бағытталған қатыгездіктің тереңдегенін тұрғындардың өлімі минут сайын артып отырғанына назар аударып, соғыс қылмысы жасаған Израильдің халықаралық соттарда жазалануы бағытында жұмыс істейтіндерін айтып, атысты тоқтату және тұрақты бейбітшілік үшін Италиядан қолдау күткенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар