Түрік Қарулы күштері Ирактың солтүстігіне операция жасады

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Ирактың солтүстігінде террор нысаналарын жойды.

2056090
Түрік Қарулы күштері Ирактың солтүстігіне операция жасады

Ирактың солтүстігінде жүргізілген әуе операцияcымен бөлшектеуші террор ұйымы тарапынан қолданылған және ішінде террористтер бар екені анықталған үңгір, баспана және қоймалардан тұратын 19 нысана жойылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде бөлшектеуші террор ұйымы PKK/KCK мүшелері мен басқа да террорлық нысандарды жою мақсатында Ирактың солтүстігінен Түркия және қауіпсіздік күштеріне бағытталған лаңкестік шабуылдардың алдын алу және шекара  қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе операциясының Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысының 51-бабынан туындайтын өзін-өзі қорғау құқығына сәйкес жасалғаны айтылды.

Мәлімдемеде «Жасалған операцияларда отандық және ұлттық оқ-дәрілер барынша қолданылып, көптеген террорист залалсыздандырылды. Бұл операция барысында бейбіт тұрғындар, дос күштер, тарихи-мәдени құндылықтар және қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін барлық сақтық шаралары қабылданды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар