ТҚК Палестинаға жан-жақты жәрдемге дайын

Түрік Қарулы Күштерінің берілетін нұсқауға сәйкес гуманитарлық көмекке де, эвакуацияға да қатысуға дайын екені хабарланды.

2053169
ТҚК Палестинаға жан-жақты жәрдемге дайын

Түркиядан Палестинаға жасалатын көмек әрекеттеріне қатысты Түрік Қарулы Күштерінің берілетін нұсқауға сәйкес гуманитарлық көмекке де, эвакуацияға да қатысуға дайын екені хабарланды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің Израиль шабуылынан кейін Түркияның Палестинаға жасауды жоспарлаған көмек әрекеттеріндегі міндеттері туралы сұраққа Ұлттық Қорғаныс министрлігі ақпарат көздері: «Түрік Қарулы Күштері  әрі гуманитарлық көмекке, әрі эвакуациялау міндетіне дайын» деп мәлімдеді.

Мәлімдемеде Түрік Қарулы Күштерінің эвакуация және денсаулықты қолдау тәжірибесіне назар аударылып, көмек көрсетудегі ең маңызды элементтің аймақтағы ортаның қолайлығы екені атап көрсетілді.

Сонымен бірге Сыртқы істер министрінің орынбасары Ахмет Йылдыз шамамен 700 адамның Газадан эвакуациялану талабын жеткізгенін мәлімдеді.

Йылдыз олардың 322-сі Түркия Республикасының азаматы, 214-і Түркия Республикасы азаматтарының палестиналық туыстары, 55-і мекеме қызметкерлері екенін хабарлады.

Израиль Газаның орталығындағы әл-Ахли баптистер ауруханасын бомбалап, қырғында 471 бейбіт тұрғын қаза тапқан болатын.

Израильдің 7 қазан күні басталған шабуылдарында 3 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, 12 мың 500-ден астам палестиналық жарақат алғаны да жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар