Ердоған Ирак және Сирияның солтүстігіндегі әуе операциясына тоқталды

Ердоған Түрік Қарулы Күштерінің Ирак және Сирияның солтүстігіндегі террор ұйымдарына қарсы әуе операциясының жалғасатынын мәлімдеді.

2049515
Ердоған Ирак және Сирияның солтүстігіндегі әуе операциясына тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түрік Қарулы Күштерінің Ирак және Сирияның солтүстігіндегі террор ұйымдарына қарсы әуе операциясының жалғасатынын мәлімдеді.

Президент Ердоған өзі төрағасы болып табылатын Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі топ жиналысында сөйлеген сөзінде терроризммен күреске тоқталды.

Ердоған Ирак және Сирияның солтүстігіндегі террор ұяларынан Түркияға шабуыл жасауға дайындалған террористтерге орай  бермегендерін айтты.

Ердоған «Біз әуе-десанттық күштерімізбен, артиллериялық бөлімшелерімізбен және қажет болған жағдайда құрлықтағы құрамдарымызбен әрқашан террористтердің үстіндеміз. Біз әуе операцияларын арттырып, террористтерді жоюды жалғастырамыз» деді.

Ердоған Түркияның одақтық қарым-қатынастары аясында жұмыс істеген әрбір мемлекет пен мекеменің заңын құрметтейтінін және олардан да Түркияның заңына бірдей құрмет көрсетуін күтетінін айтты.

Ердоған бұл тепе-теңдік орнатылмаған жағдайда әркімнің өз саясатын өзі белгілеу және өз жолын белгілеу таңдауының заңды құқыққа айналатынына назар аударды.

Ердоған «Біз шын жүректен одақтастарымызбен бірге қауіпсіз, бейбіт және гүлденген ортақ болашаққа қадам басқымыз келеді» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар