Таяу Шығыста тыныштық орнатылуы керек

Нуман Куртулмуш Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыстардың тоқтатылып, тыныштық орнатылуы керектігін айтты.

2048881
Таяу Шығыста тыныштық орнатылуы керек

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі  төрағасы Нуман Куртулмуш Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыстардың тоқтатылып, тыныштық орнатылуы керектігін айтты.

Нуман Куртулмуш ел астанасы Анкарада Хажы Байрам Вели университетінің оқу жылының ашылу салтанатында сөз сөйледі.

Куртулмуш 7 қазан күні басталған Израиль-Палестина қақтығысына тоқталып: «Таяу Шығыста әркімнің өмір сүруге құқығы бар, бірақ кедей палестиналықтардың өмір сүруге құқығы жоқ па? Израильдің Таяу Шығыста өмір сүруге құқығы бар, бірақ толық тәуелсіз Палестина мемлекетінің өмір сүруге құқығы жоқ па? Осы сыңар жықтылықты жойып, бейбітшілік пен тыныштықты қайтадан тезірек қалпына келтіру қажет» деді.

Куртулмуш қақтығыстардың тоқтатылуын, адам шығынының аяқталуын және халықаралық қауымдастықтың өз міндеттерін орындауын күткендерін баяндады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының  мәселелерді шешуде белсенділік көрсетпегеніне наразылық білдірген  Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы  «БҰҰ қағаз жүзіндегі ұйымға айналды» деді.



Ұқсас жаңалықтар