Фахреттин Алтун өзара түсіністіктің маңыздылығына тоқталды

Фахреттин Алтун осы таңда әлемге толеранттылық пен өзара түсіністік бұрынғыдан да қажет екенін айтты.

2048412
Фахреттин Алтун өзара түсіністіктің маңыздылығына тоқталды

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун осы таңда әлемге толеранттылық пен өзара түсіністік бұрынғыдан да қажет екенін айтты.

Алтун әлеуметтік желідегі парақшасында ағылшын тіліндегі жазбасында президент Режеп Тайып Ердоғанның Түркия Республикасы тарихында бірінші болған Стамбулдағы Мор Эфрем Ежелгі Православиелік Шіркеуінің кешегі салтанатты ашылу рәсіміне қатысуымен  тарихи сәтке тағы бір мәрте куә болғанын айтты.

Алтун президент Ердоғанның әрқашан барлық азаматтардың діни бостандықтарын қорғайтынын, шіркеулердің жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына заңдық және әкімшілік кедергілердің жойылуын қамтамасыз ететінін атап көрсетті.

Алтун осы таңда  әлемге толеранттылық пен өзара түсіністік қажет екенін айтты.

Алтун «Президент Ердоғанның басшылығымен Түркия діндер арасындағы қақтығысты қоздыратын кез келген саяси әрекетке әрқашан қарсы болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар