Түркия нақты мәселелерді шешуде

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Түркияның нақты мәселелерді шешуге назар аударғанын айтты.

2029417
Түркия нақты мәселелерді шешуде

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба «Түркия өте нақты мәселелерге назар аударып, оларды шешуде» деді.

Кулеба мен Сыртқы істер министрі Хакан Фидан кеше бас қала Киевте болған кездесуден кейін ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Кулеба Украина мен Түркия арасындағы қарым-қатынасқа тоқталып «Екі ел арасында шынайы серіктестік пен өзара қолдаушы қарым-қатынас бар. Бұл серіктестік бұдан кейін ешқандай түсініктемені қажет етпейді» деді.

Кулеба Қартеңіз астық дәлізі келісімінің қайта жандануы Хакан Фиданның Киевке сапары аясындағы келіссөздердің басты тақырыбы екенін айтты.

Кулеба «Астық бастамасын қайта жаңғырту тақырыбы бойынша біздің көзқарасымыз бірдей. Астық бастамасын қайта бастау үшін бірлескен күш-жігеріміз бар» деп көрсетті.

Кулеба Украина Президенті Владимир Зеленский ұсынған «Бейбітшілік формуласына» Түркияның қатысу рөлін де талқылағандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар