Түркия нәсілшілдікпен күрес жайлы үндеу тастады

Мәлімдемеде «Қаңтар айынан бері Еуропада қасиетті кітабымыз Құран Кәрімді өртеу әрекеті індет сияқты тарады» делінді.

2027839
Түркия нәсілшілдікпен күрес жайлы үндеу тастады

Түркия нәсілшілдік, ксенофобия және ұлтараздық қылмыстарының әлеуметтік бейбітшілік, тыныштық және демократиялық құндылықтарға төнген ең үлкен қауіптердің бірі екенін білдірді.

Сыртқы істер министрлігі «Дін немесе сенім негізіндегі зорлық-зомбылық құрбандарын еске алу халықаралық күніне» орай жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде 2019 жылы жарияланған «Дін немесе сенім негізіндегі зорлық-зомбылық құрбандарын еске алу халықаралық күніне»  орай дін немесе наным-сеніміне байланысты мен шабуылдарда құрбаны болғандарды құрметпен еске алынғаны баяндалды.

Мәлімдемеде «Қаңтар айынан бері Еуропада қасиетті кітабымыз Құран Кәрімді өртеу әрекеті індет сияқты тарады. Сонымен қатар  мешіттерге жиі шабуылдар жасалды. Дінге немесе сенімге негізделген жантүршігерлік әрекеттер кең қанат жаюуда» делінді.  

Мәлімдемеде Түркияның мәселенің шешілуіне үлес қосқысы келетін барлық елдермен және ұйымдармен ынтымақтастыққа дайын екені атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар