Түркия БҰҰ-ның тосқауылын айыптады

Түркия Пиле-Йиғитлер тас жолы құрылыс жобасына кедергі жасаған БҰҰ Бейбітшілік күштерін айыптады.

2026785
Түркия БҰҰ-ның тосқауылын айыптады

Түркия Біріккен Ұлттар Ұйымы Бейбітшілік күштерінің (БҰҰБК) Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) егемендік алаңындағы аумақта салынған Пиле-Йиғитлер тас жолы жобасы құрылысна жасаған кедергісін айыптады.

ТР Сыртқы істер министрлігі СКТР жерінде Пиле-Йиғитлер тас жолы жобасы құрылысына БҰҰ-ның кедергі жасауына байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде «Солтүстік Кипр Түрік Республикасы егемендік аумаығнда салынып жатқан Пиле-Йиғитлер тас жолы жобасы құрылысына Біріккен Ұлттар Ұйымы Бейбітшілік күштері сарбаздарының кеше жасаған физикалық кедергісін қабылдамаймыз және қатаң түрде айыптаймыз» делінді.

СКТР Сыртқы істер министрлігінің тақырыпқа қатысты мәлімдемесі және СКТР мекемелерінің заңды наразылығына толық қолдау берілгені атап көрсетілген мәлімдемеде Пиле ауылындағы СКТР азаматтарының туған жеріне тікелей қатынауын жеңілдетуді мақсат еткен «гуманитарлық жоба» ретінде Пиле-Йиғитлер жолымен байланысты БҰҰ-ның ұстанымының артынан БҰҰ-ның мәлімдемелерінің де «Бейбітшілік күшінің аралда көрсетуге міндетті деген бейтарап көзқарасқа сәйкес келмегеніне» баса назар аударылды.

БҰҰ Бейбітшілік күштерінің «бейбіт» ортада салына басталған Пиле-Йиғитлер тас жолы жобасы құрылысы аясында шиеленісті арттырған тарап екені және оқиға орнында өзін құрбан сияқты көрсеткге тырысқаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Негізінде, БҰҰ Бейбітшілік күшінен күтілетін нәрсе - аралдағы гуманитарлық қажеттіліктерді шешуге үлес қосуы. Осыған қарамастан БҰҰ-ның Кипр Понти Әкімшілігінің аралық аймақта жылдар бойы жасаған заңсыз ұстанымын байқаусыз қалдырып, кипрлік түріктердің заңды гуманитарлық қажеттіліктерінің қамтамасыз етілуіне тосқауыл қоюы мүлдем түсініксіз. Бұл жағдай БҰҰ-ның аралдағы екі жаққа бірдей теңгерімді болу және дауларды шешу сияқты негізгі міндеттері мен ережелерін орындамайтынын анық көрсетеді» деді.

Мәлімдемеде БҰҰ Бейбітшілік күшінің оқиғалардың артынан СКТР мекемелері мен халқының сенімін толығымен жоғалтпауы үшін алдағы кезеңде үлкен күш жұмсау керектігі аталып, «Кепілгер мемлекет ретінде БҰҰ-ның Бейбітшілік күшін Кипрде шамамен 60 жылға жуық жалғастырған қызметіне кір түсіретін әрекеттер мен риторикадан бас тартуға, Кипрде екі тарапқа да бірдей теңгерімді қарап, СКТР-ның егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге шақырамыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар