Терроризммен күрес табандылықпен жалғасуда

Осы жылдың басынан бері 777 террорист залалсыздандырылды.

2025967
Терроризммен күрес табандылықпен жалғасуда

Түрік Қарулы Күштерінің бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ге қарсы операциялары табандылықпен жалғасуда.

Ұлттық қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда соңғы аптада 67 террорист залалсыздандырылды.

Бір жылда залалсыздандырылған террорист саны 1062 болды. 2015 жылдан бері залалсыздандырылған жалпы террорист саны 38 мың 405-ке жетті.

Осы аптада Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-Килит» операциялық аймағында  әртүрлі оқ-дәрілер тәркіленді. Анықталған 3 қоймадан 100 мыңға жуық «АК-47» оқ-дәрі табылды.

Сириядағы өмірдің қалыпқа келуі, тұрақтылықтың тезірек орнатылуы және сириялықтардың қауіпсіз ортаға оралуы үшін жұмыстар істелуде.

Операцияларда осы жылдың басынан бері 777 террорист залалсыздандырылды.



Ұқсас жаңалықтар