Битлисте PKK-лық 4 террористі залалсыздандырылды

Ішкі істер министрі Али Йерликая әлеуметтік желідегі аккаунтынан мәлімдеме жасады.

2023721
Битлисте PKK-лық 4 террористі залалсыздандырылды

Ішкі істер министрі Али Йерликая әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеге қарағанда қауіпсіздік күштері Битлистің Сөғүтлү ауылдық аймағында операция жасады.

Ұшақ, тікұшақ және қарулы пилотсыз әуе көлігі қолдауымен жасалған операцияда 4 террорист қаруларымен бірге залалсыздандырылды.

Лаңкестердің бірінің іздеу салынған террористтер тізімінде қызғылт сары санаттағы Вейси Айдемир екені анықталды.

Йерликая «Соңғы террорист залалсыздандырылғанға дейін күресіміз үздіксіз жалғасады» деді.

Ирактың солтүстігінде болса PKK-лық 3 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) жасаған мәлімдемеде «Батыр Түрік Қарулы күштеріміз террористтерге соққы беруді жалғастыруда. Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-килит» операциясы аймағында анықталған PKK-лық 3 террорист залалсыздандырылды. Операцияларымыз аймақта бір де бір террорист қалмайынша табандылықпен жалғасады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар