Түркия мен Ұлыбритания заңсыз көші-қонмен бірге күреседі

Ұлыбритания мен Түркия арасындағы «Көші-қон диалогы» жалғасып келеді.

2023166
Түркия мен Ұлыбритания заңсыз көші-қонмен бірге күреседі

Ішкі істер министрлігі мигранттардың контрабандасымен және заңсыз көші-қонмен күресу үшін көптеген басқа елдер сияқты Ұлыбританиямен де ынтымақтастық ішінде екенін білдірді.

Министрлік жасаған мәлімдемеде жаһандық проблемаға айналған заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылармен және мигранттар контрабандасымен күресте Ұлыбританиямен екіжақты кездесулер өткізілгені атап өтілді.

Мәлімдемеде Ұлыбритания мен Түркия арасындағы «Көші-қон диалогы» кездесулерінің 2019 жылдан бері жыл сайын өткізілгені баяндалды.

Мәлімдемеде «Біз заңсыз көші-қонның алдын алу мақсатында дос және одақтас елдермен қалыптасқан ынтымақтастығымызды нығайтуға жұмыс істеп жатырмыз. Осы мақсатта заңсыз көші-қонмен күресу үшін көптеген елмен ынтымақтастық жасаған сияқты, Ұлыбританиямен де бірге жұмыс істейміз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар