Түркия мен Ұлыбритания арасында келісім

Еуропаға заңсыз миграцияны бәсеңдету үшін Түркиямен келісімге қол қойды.

2022299
Түркия мен Ұлыбритания арасында келісім

Ұлыбритания Еуропаға заңсыз миграцияны бәсеңдету үшін Түркиямен келісімге қол қойды.

Келісімге сәйкес түрік және Ұлыбритания полиция күштері адам саудасымен айналысатын топтар мен қайықпен заңсыз босқын тасымалдауға қарсы кең ауқымды бірлескен операциялар жүргізеді.

Ұлыбританияда келесі жылы өтетін жалпы сайлау алдында заңсыз босқындар күн тәртібінде. Үкімет келісімнің екі елдің полиция күштері арасындағы ынтымақтастықты күшейтетінін атап көрсетті.

 Жаңа түсіністік меморандумы аясында кедендік мәліметтерді бөлісу процесі тездей түседі.

Ұлыбританияның ішкі істер министрі Суэлла Браверман «Жақын досымыз және одақтасымыз Түркиямен серіктестігіміз полиция күштеріміздің осы халықаралық мәселеде бірлесіп жұмыс істеуіне мүмкіндік береді» деді.

Премьер-министр Риши Сунак сауалнама нәтижелері бойынша үлкен айырмашылықпен алда келе жатқан «Еңбек» партиясымен алшақтықты азайту үшін елге келетін заңсыз босқындардың санын азайтуға міндеттеме алды.



Ұқсас жаңалықтар