Нигердегі түрік азаматтары Стамбулға әкелінді

Түрік азаматтарын тасымалдамаған ұшақ таңертең Стамбул әуежайына қонды.

2022058
Нигердегі түрік азаматтары Стамбулға әкелінді

26 шілдеде Нигерде болған әскери төңкерістен кейін осы елде әуе кеңістігі жабық болғандықтан отанына орала алмаған түрік азаматтары Стамбулға әкелінді.

Түркияның Нигердегі елшілігінен жасалған мәлімдемеде әскерилер билікті басып алған 26 шілдеден бері Түрік Әуе Жролдарының Нигер астанасы Ниамейге рейс ұйымдастыра алмағаны атап өтілді.

Осы жағдайда түрік азаматтарының елге қайтуы  үшін ерекше ұшу рұқсаттары алынғаны хабарланды.

Көбі түрік азаматтары болған 233 жолаушының Түрік Әуе Жолдары ұшағымен ел астанасы Ниамейдегі халықаралық Диори Хамани әуежайынан Стамбулға жолға шыққаны айтылды.

Бұл рейс түрік азаматтарын эвакуациялау емес, Түркияға оралуы қажет азаматтар мен басқа жолаушыларға берілген мүмкіндік екені баса айтылды.

Түрік азаматтарын тасымалдамаған ұшақ таңертең Стамбул әуежайына қонды.



Ұқсас жаңалықтар