Түрік пилотсыз әуе көліктері АҚШ баспасөзінде

Американдық «Business Insider» журналы «Bayraktar TB2» туралы есептік талдауын жариялады.

2021231
Түрік пилотсыз әуе көліктері АҚШ баспасөзінде

Түрік қорғаныс өнеркәсібінің мақтанышына айналған қарусыз және қарулы пилотсыз әуе көліктері қайтадан АҚШ баспасөзінің күн тәртібінде.

Американдық «Business Insider» журналы Парсы шығанағы елдерінің түрік пилотсыз әуе көліктеріне деген қызығушылығының артқанына назар аударды және «Bayraktar TB2»-нің шыңға көтерілуіне қатысты есептік талдау жариялады.

Талдауда Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Түркия шығарған қарулы және қарусыз әуе көліктеріне қызығушылық танытқанына назар аударылды.

Түркияның Таяу Шығыстағы көршілерімен қорғаныс өнеркәсібі саудасын арттырғаны атап өтілді.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның шілде айында Сауд Арабиясының бас қаласы Эр-Риядқа ресми сапары аясында рекордтық келісімге қол қойылғаны еске салынды.

Хабарда Парсы шығанағы елдерінің бұрын Қытай өндірген пилотсыз әуе көліктері пайдаланғаны хабарланды.

Дегенмен «Bayraktar TB2»-нің жылдам көтерілуінің қытайлық пилотсыз әуе көліктерін көлеңкеде қалдырғаны атап көрсетілді.

Парсы шығанағы елдерінің бірнеше жылдың ішінде түрік пилотсыз әуе көліктерінің ең үлкен тұтынушыларына айналғаны баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар