"Армян лобиясынан қорқу -ұят"
«Ататүрік» сериалын жарияламай алып тастады.
Әділет және даму партиясының төрағасының орынбасары Өмер Челик Америка Құрама Штаттарындағы (АҚШ) сериал/фильм платформасының «Ататүрік» сериалын алып тастауына наразылық білдірді.
Челик әлеуметтік желідегі есебінде «Америкадағы сериал/фильм платформасының армян лобиясының қысымынан қорқып, «Ататүрік» сериалын жарияламай алып тастауы –ұят. Аталмыш платформаның осы ұстанымы Түркия Республикасының құндылықтары мен ұлтымызға деген құрметсіздік болып табылады.
Бұдан бұрын да бірнеше рет айтылғандай АҚШ-ндағы «жалған қырғын» лобиясы тарихи оқиғаларды жалған саясаттары үшін қолдануда. Осы лобияның жалғыз мақсаты – Түркия мен Армения қарым-қатынастарының қалыпқа түсуіне кедергі келтіру. Осы лобияның істері Ататүрік және Түркия Республикасына еш зиян келтіре алмайды. Осы лобиядан қорқатындар ұялсын» деп жазды.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.