"Жаңа кеден одағы әлдеқайда тиімді болады"

Вице-президент Джевдет Йылмаз сұрақтарға жауап берді.

2012345
"Жаңа кеден одағы әлдеқайда тиімді болады"

Вице-президент Джевдет Йылмаз Жаңа Кеден одағының әлдеқайда тиімді және жан-жақты экономикалық ынтымақтастықты күн тәртібіне әкелетінін айтты.

Жеке телеарнада күн тәртібіне баға беріп, сұрақтарға жауап берген Йылмаз президент Режеп Тайып Ердоғанның сапарынан бұрын  өткен аптада Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшекпен Парсы шығанағы елдеріне жасаған сапарлары туралы әңгімеледі.

Йылмаз Түркияның осы сапарларынан инвестиция тұрғысынан айтарлықтай табыстарға қол жеткізетініне сенетінін білдіріп, энергиядан қорғаныс өнеркәсібіне, туризмнен инфрақұрылым жобаларына дейін көптеген салада ынтымақтастық мүмкіндіктері бар екенін айтты.

Президент Ердоғанның Парсы шығанағы елдеріне сапарының нақты нәтижелер көрсететінін білдірген Йылмаз «Оның жемісін алдағы кезеңде көреміз. Түркияға капитал ағыны көп болады деп айта аламын» деді.

Йылмаз Еуропалық Одақпен қарым-қатынастардағы Кедендік одақтың жаңаруы және визаны жеңілдету мәселелеріне қатысты бұдан да қарқынды жұмыстың көрсетілетінін айтып, былай деді: "Қазіргі Кедендік одақ тек өнеркәсіптік алаңды қамтиды. Жаңа Кедендік одақ қызмет көрсету секторы, мемлекеттік сатып алу, сондай-ақ өнеркәсіп сияқты кең ауқымды қамтиды және күн тәртібіне әлдеқайда тиімді және жан-жақты экономикалық ынтымақтастықты әкеледі».



Ұқсас жаңалықтар