Ұлттық Қорғаныс министрі Әзербайжан президентінің орынбасарымен кездесті

Гүлер Түркия мен Әзербайжан арасында мызғымас ынтымақ рухы бар екенін білдірді.

2011451
Ұлттық Қорғаныс министрі  Әзербайжан президентінің орынбасарымен кездесті
Halid Ahadov-Yasar Guler1.jpg
Halid Ahadov-Yasar Guler.jpg

Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Әзербайжан президентінің орынбасары Халид Ахадовпен кездесті.

Министрлік жасаған мәлімдемеге қарағанда Гүлер Ұлттық Қорғаныс министрлігінде өткен кездесуде гөрі Түркия мен Әзербайжан арасында мызғымас ынтымақ рухы бар екенін білдірді.

Гүлер «Екі мемлекет, бір ұлт» түсінігімен жолымызды әрі қарай жалғастырамыз» деді. Ол  Түрік Қарулы күштерінің әскери білімін, тәжірибесін Әзербайжанмен бөлісуді жалғастыратынын баса айтты.

Министр Гүлер: «Біз барлық күш-қуатымызды қарым-қатынасымызды жақсартуға арнаймыз. «Бір Отан операциясында» болғандай әзербайжандық бауырластармен біргеміз. Біз әрқашан Әзербайжанмен біргеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар