Алтуннан Сребреница хабарламасы
Фахреттин Алтун Сребреница қырғынының 28 жылдығына орай хабарлама жасады.
Президенттік аппараттың жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун «Бүкіл әлемнің көз алдында орын алған және 8 мың 372 жазықсыз адамның өмірін қиған опасыз қырғынды айыптаймын» деді.
Фахреттин Алтун Сребреница қырғынының 28 жылдығына орай әлеуметтік желідегі аккаунтынан хабарлама жасады.
Алтун хабарламасында «Бүкіл әлемнің көз алдында орын алған және 8 372 жазықсыз адамның өмірін қиған опасыз қырғынды айыптаймын. Түркия ретінде Босния халқының жанында болып, Балқан географиясының тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін әр қадамды басуды жалғастырамыз. Сребреницадағы шейіттеріміздің жаны жәннатта болсын» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Үлкен жетілік көшбасшылар саммитіне қатысады
Президент Режеп Тайып Ердоғанның сөз сөйлеуінің негізгі күн тәртібі «Газа» болмақ.
Хакан Фидан Солтүстік Македонияға сапарлай барды
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Солтүстік Македонияның астанасы Скопьеде бірқатар кездесу өткізді