Ердоған Владимир Зеленскиймен кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Қаратеңіз астық бастамасының қайтадан ұзартылатынына үмітті екенін айтты.

2008638
Ердоған Владимир Зеленскиймен кездесті
erdogan-zelenskiy1.jpg
zelenskiy-erdogan.jpg
erdogan.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше өзінің шақыруымен Стамбулға келген Украина Президенті Владимир Зеленскиймен жеке кездесу өткізді.

Кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынастар, Ресей-Украина соғысындағы соңғы оқиғалар және 17 шілдеде аяқталатын Қаратеңіз астық дәлізі келісімі сияқты аймақтық және халықаралық мәселелер талқыланды.

Көшбасшылардың жеке кездесуімен қатар делегациялар арасындағы кездесу де өтті.

Келіссөздерден кейін Түркия мен Украина арасында стратегиялық салаларда өзара ынтымақтастық арқылы автономды жүйелер, өндіріс және техникалық қызметтері, әсіресе ұшқышсыз әуе аппараттары саласындағы бірлескен жобаларға қолдау көрсету мақсатында келісімге қол қойылды.

Кездесу соңында ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында Ердоған Түркияның қақтығыс қаупі басталған сәттен бастап Ресей-Украина соғысының алдын алу үшін бар күш-жігерін салғанын айтты.

Ердоған Түркияның халықаралық құқық негізінде келіссөздер арқылы соғысты аяқтау үшін ең қарқынды талпыныс жасаған ел екеніне назар аударды.

«Украина НАТО-ға мүше болуға лайық» деген Ердоған «Әділ бейбітшілікте жеңілгендер болмайды. Тараптар арасындағы түсіністіктегі қайшылықтарға қарамастан, бейбітшілікті іздеуге мүмкіндігінше тезірек оралу--біздің ең шынайы тілегіміз» деді.

Украинаның қайта құрылуына жан-жақты қолдау көрсететіндерін түсіндірген Ердоған Украинамен ынтымақтаса отырып, соғысты келіссөздер негізінде аяқтау үшін талпыныстарын жалғастыратындарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар