Ердоған СКТР  және Әзербайжанға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы  және Әзербайжанға барады.

1998255
Ердоған СКТР  және Әзербайжанға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған мемлекеттік дәстүр бойынша президенттік сайлаудан кейін алғашқы шетел сапарын Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР)  және Әзербайжанға жасайды.

Президент Ердоған 28 мамырда өткен сайлауда қайта президент болып сайланғаннан кейін алғашқы шетел сапарын Солтүстік Кипр Түрік Республикасына жасайды.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Президенті Эрсин Татар және Премьер-министр Үнал Үстелмен бетпе-бет кездесу өткізеді. Одан кейін Ердоған Президенттік сарайда Татармен ортақ баспасөз мәслихатын өткізеді.

Кездесулерде Кипрге қатысты басылатын  қадамдар және Жерорта теңізінің шығысындағы оқиғалар талқыланады.

Президент Ердоған ертең Әзербайжанға ресми сапармен барады. Сапар аясында Президент Ильхам Әлиевпен жеке және делегация аралық кездесулер өткізеді.

Кездесулерде екіжақты қарым-қатынастар мен ынтымақтастық тақырыбындағы қадамдар,  аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады.



Ұқсас жаңалықтар