Ердоған Чарльз Мишельмен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропа Одағы Кеңесі төрағасы Шарльз Мишельмен телефон арқылы сөйлесті.

1996880
Ердоған Чарльз Мишельмен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропа Одағы мүшелігіне  қатысты Түркияға көрсетілетін әділеттілік пен толық мүшелік перспективасын қолдаудың Еуроодақпен қарым-қатынаста жаңа көкжиектер ашатынын айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропа Одағы Кеңесі төрағасы Шарльз Мишельмен телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Еуропа Одағы Кеңесі кеңесі төрағасы Мишель Президент Ердоғанға телефон шалып, қайта сайлануымен құттықтады.

Аймақтық мәселелер де қолға алынған әңгімеде Президент Ердоған  Еуропа үшін үлкен стратегиялық мәні бар Түркияның Еуропа Одағына толық мүше болуы аясында нақты және оң күн тәртібімен барлық деңгейде байланыстарды арттыру қажеттігін білдірді.

Кедендік одақтың жаңаруы, визаның жеңілдетілуін қамтамасыз ету, иммиграцияны басқару және терроризммен күресу салаларындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталған Президент Ердоған Түркияға әділеттілік пен толық мүшелік перспективасын қолдаудың қарым-қатынастарда жаңа көкжиектер ашатынын айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар