Ердоған жаңа кабинетімен алғашқы жиналысын өткізді

Президент Ердоған жаңа кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

1996337
Ердоған жаңа кабинетімен алғашқы жиналысын өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған Атазаңға өзгеріс енгізу ұсынысын Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне қайтадан жіберетіндерін атап көрсетті.

Ердоған кеше президенттік сарайда жаңа кабинетімен алғашқы жиналысын өткізді.

Кездесуден кейін мәлімдеме жасаған Ердоған ұлықтау рәсімінің сенбі күні Түркия мен шетелден 5 мыңнан астам қонақтың қатысуымен өткізілгенін еске салып, «Салтанатты шараға әсіресе шетелден келгендердің жоғары деңгейі мен санының өте көп болуы еліміз атынан мақтаныш сезімін тудырды» деді.

Қуанышты күндерде де болғандай, қиын уақытта да әрдайым қолдауын сездіретін Түркияның шынайы достарына ел және ұлт атынан алғысын білдірген Ердоған «Мыңдаған шақырым жерден келіп көрсеткен осы бауырластықты ешқашан ұмытпайтынымыздың барша тарапынан білінуін қалаймын» деді.

Жаңа кезеңде халыққа берген барлық уәделерін орындайтындарын білдірген Ердоған сайлау алдында күн тәртібіне әкелген Атазаңға өзгеріс енгізу ұсынысын Парламенттің қарауына қайта жіберетінін білдірді.

Энергетикалық бастамаларын жалғастыратындарын түсіндірген Ердоған инвестиция, өндіріс, экспорт, жұмыспен қамту және бір қалыпты өсу процесімен түрік экономикасын одан әрі күшейтуге атсалысатындарын атап көрсетті.

Президент «Инфляция тудырған қымбатшылық пен шамадан тыс баға проблемасын барлық тұстарымен еліміздің күн тәртібінен алып тастауға бел будық» деді.

Ердоған соғыстан және террор ұйымдарының шабуылдарынан қашып Түркияны паналаған босқындарды қауіпсіз, ерікті және лайықты түрде отандарына оралуы үшін ынталандыратындарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар