Ердоған қауіпсіздік және бейбітшілік белдеуін құратынын айтты

Ердоған «Түрік ғасырын іскерлік әлеммен, азаматтық ұйыммен және саяси құрылыммен бірге жүзеге асырамыз» деді.

1993068
Ердоған қауіпсіздік және бейбітшілік белдеуін құратынын айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның айналасында Еуропадан Қаратеңізге, Кавказ және Таяу Шығыстан Солтүстік Африкаға дейін қауіпсіздік және бейбітшілік белдеуін құруды мақсат еткендерін айтты.

Елорда Анкарада Түркия Палаталар және биржалар одағының 79-шы Бас ассамблеясында сөз сөйлеген Президент Ердоған елдің алдында тұрған мәселелерге ортақ оймен шешім іздейтіндерін білдірді.

Ердоған «Түрік ғасырын іскерлік әлеммен, азаматтық ұйыммен және саяси құрылыммен бірге жүзеге асырамыз» деді.

Президент Ердоған «Біз өз азаматтарымызды инфляциямен қыспау саясатына берікпіз. Жоғары инфляцияны түсірген біз едік, тағы да солай боламыз» деген сөздер қолданды.

Министрлер кабинеті құрыла салысымен шетел сапарларын бастайтынын айтқан Ердоған Түркияға келетін әлем көшбасшыларының да бар екенін айтты.

Ердоған «Біздің мақсатымыз – Еуропадан Қаратеңізге, Кавказ және Таяу Шығыстан Солтүстік Африкаға дейін айналамызда қауіпсіздік пен бейбітшілік белдеуін құру» деп көрсетті.

Ердоған соңғы кездері саяси шантаж ретінде қолданылған виза мәселесін тез арада шешетіндерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар