Президент Черкес сүргінінің 159 жылдығына орай хабарлама жариялады

Президент Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан хабарлама жасады.

1988851
Президент Черкес сүргінінің 159 жылдығына орай хабарлама жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған Черкес сүргінінің 159 жылдығына орай қуғын-сүргін құрбандарын еске алды.

Президент Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламасында «159 жыл бұрын черкес бауырларымыздың басынан өткерген ауыр азапты әлі де сезініп келеміз. Адамгершілікке жатпайтын әдістермен отандары Кавказдан қуғын-сүргінге ұшырау жылдығына орай қаза тапқан барлық бауырларымызды еске аламын» деді.

Ресейдің Қаратеңіз жағалауына қол жеткізу саясаты бойынша Солтүстік Кавказды басып алу мақсатымен 1556 жылы басталған Кавказ-Орыс патшалығы соғысы 308 жылға жалғасты.

Черкестерді жойып, Кавказ тауларының ішкі жағына ілгерілеген орыстар қолға түскен черкестерді патша әскеріне бағынуға немесе жер аударуға мәжбүрледі.

1864 жылдың 21 мамыр айынан бастап черкес халықтары Осман мемлекетінен бастап әлемнің әртүрлі аймақтарына жер аударылды.

Бейресми деректер бойынша, бір айдың ішінде 1,5 миллионға жуық черкес жер аударылды. 500 мыңға жуық черкес жолдағы ауыр шарттар, індет және аштық салдарынан қырылды.

Жер аударылғандардың бір бөлігі Осман мемлекетіне, кейбірлері Таяу Шығыста Сирия мен Палестинаға, бір бөлігі болса Орталық Лаба мен Орта Кубан өзендері аймағындағы орыс казак ауылдарына қоныстанды.



Ұқсас жаңалықтар