Шетелде сайлаудың екінші кезеңі басталды

Шетелде дауыс беру 24 мамырда аяқталады.

1988587
Шетелде сайлаудың екінші кезеңі басталды

Түркияда 28 мамырда өтетін президенттік сайлаудың екінші кезеңі аясында шетелдік сайлау тізіміне тіркелген сайлаушылар үшін дауыс беру жұмыстары басталды.

Осы аяда 73 елдегі 156 өкілдік пен кеден қақпасында дауыс беруге болады. Шетелде барлығы 3461 сандық қойылды.

Шетелде дауыс беру 24 мамырда аяқталады.

Кеден қақпаларында дауыс беру 28 мамыр сағат 17.00-ге дейін болады.

Екінші турда 2005 жылдың 29 мамырынан бұрын дүниеге келгендер, яғни бірінші турдан кейін 18 жасқа толғандар дауыс бере алады.

Жапонияда астанасы Токио мен Нагояда қаласында, Әзербайжанда Түркияның Бакудегі елшілігінде, Нахчыван мен Гянджа бас консулдықтарында, Литваның астанасы Вильнюс қаласында, Қырғызстанда Түркияның Бішкек елшілігінде, Қазақстанда Түркияның Астанадағы елшілігінде,  Алматы мен Ақтаудағы Бас консулдықтарында және  Түрікменстанда Түркияның  Ашхабадтағы елшілігінде орнатылған сандықтарда сайлаушылар бүгін дауыс бере бастады.

Жапония, Литва және Қырғызстанда 21 мамыр күні кешке дейін, Әзербайжан, Қазақстан және Түрікменстанда 22 мамыр күні кешке дейін дауыс беру жалғасады.

Германияда да түрік сайлаушылары дауыс бере бастады.

Ахен және Регенсбург қалаларында 21 мамырға дейін жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00-18:00 аралықтарында , ал басқа жерлерде 24 мамырға дейін 08:00-22:00 аралықтарында дауыс беруге болады.



Ұқсас жаңалықтар