Ердоған түрік жастарына сенетіндерін білдірді

Ердоған 19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт  мерекесіне орай хабарлама жариялады.

1988391
Ердоған түрік жастарына сенетіндерін білдірді

Президент Режеп Тайып Ердоған 19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт  мерекесіне орай хабарлама жариялады.

Ұлттық күрестің Бас қолбасшысы және Республиканың негізін қалаушы Гази Мұстафа Кемал Ататүріктің Самсунға барғанына 104 жыл толуының қуанышын сезінгендерін білдірген Ердоған 19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесімен құттықтады.

Ердоған Гази Мұстафа Кемал Ататүрік түрік жастарына сыйға тартқан 1919 жылы 19 мамыр күнін ата-бабаның үлкен сеніммен қайта жаңғырту рухының  символы ретінде сипаттады.

Ердоған «19 мамыр күнін Түрік ұлтының империалистік күштерге қарсы бірлік және ынтымақпен езгіге бас имейтіндерін ұрандатып, ең үлкен қаһармандық дастандардың бірін жаза бастаған күні болып табылады» деген сөздер қолданды.

Бабалардың тәуелсіздігі мен болашағы жолындағы ерлігін кейінгі ұрпаққа барынша айқын жеткізуді басты парыз деп атаған Ердоған жолдауында «Осы түсіністікпен біз ата-бабамыздан бір ғасыр бұрынғы рухпен қалдырған қасиетті жәдігерлерді қорғап, еліміздің болашағының символы болған Түрік ғасырын жүзеге асырудамыз. Жастарымызды барлық салада қолдаймыз, оларға әртүрлі мүмкіндік береміз» деп көрсетті.

Президент Ердоған «Еліміздегі демократия мен даму серпілістерін жобалап, жүзеге асыруда біз ең алдымен жастарымызға сенеміз. Біз ұсынып отырған мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, бізді қуынышқа бөлейтін жастарымызды мақтан тұтамыз. Еліміз дамып, өскен сайын жастарымыздың жүзеге асырғысы келген арман-мақсаттарына тіпті көп қолдау көрсетеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар