Ердоған мен Октай шейіттер үшін хабарлама жариялады

Президент Ердоған мен вице-президент Фуат Октай шейіт болған 3 әскердің отбасына көңіл айтты.

1987448
Ердоған мен Октай шейіттер үшін хабарлама жариялады
fuat oktay.jpg
erdogan.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған «PKK террор ұйымы және оның тармақтарына қарсы ел көлемінде және шекарамыздан тыс аймақтарда күресімізді табандылықпен жалғастырамыз. Соңғы террористің көзі жойылғанша тоқтамаймыз» деді.

Президент Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан жариялаған көңіл айту хабарламасында Шырнақтың Бестлер-Дерелер аймағында PKK-ға қарсы операция кезінде шыққан қақтығыста шейіт болған 3 әскерге Алланың рақымы мен жаралылардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Шейіттердің отбасыларына сабыр тілеген Ердоған «Шейіттеріміздің туыс-тамырлары мен ұлтымызға көңіл атамын. Бөлшектеуші террор ұйымы PKK және оның шекарамыздың ішінде және сыртындағы тармақтарымен күресімізді табанды түрде жалғастырамыз. Соңғы террорист жойылғанша тоқтамаймыз» деді.

Вице-президент Фуат Октай болса әлеуметтік желідегі аккаунтынан көңіл айтып «Шырнактың Бестлер-Дерелер аймағында опасыз террористтермен шыққан қақтығыста шейіт болған батыр әскерлерге Алланың рақымын, қайғылы отбастарына сабыр, жаралы әскерлерімізге тезірек сауығып кетуді тілеймін. Әзіз ұлтымызға көңіл айтамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар