Ердоған президенттік және парламенттік сайлауға тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған ертең өтетін президенттік және парламенттік сайлауда жәшіктен шыққан кез келген нәтижені заңды деп қабылдайтындарын білдірді.

1985893
Ердоған президенттік және парламенттік сайлауға тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған ұлттық ерік-жігердің басымдығына бағынатындарын, ертең өтетін президенттік және парламенттік сайлауда жәшіктен шыққан кез келген нәтижені заңды деп қабылдайтындарын білдірді.

Ердоған «Қарсы жақтан да (Миллет альянсынан) осындай тұғыр күтеміз» деді.

Президент Ердоған Долмабахче жұмыс кеңсесінен кейбір телеарналардың ортақ тікелей эфирінде журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Сұхбатында «Түркия ғасырына» тоқталған Ердоған елдің терроризммен күрестің 40 жылдық тарихындағы ең үлкен табыстарға қол жеткізілген кезеңде екенін, бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның көзін жоюға аз қалғандарын айтты.

Ердоған батыстың да ертең өтетін сайлауға қатты көңіл бөлгенін  мәлімдеді.

Барлық елдермен жақсы қарым-қатынасты сақтау қажет екенін түсіндірген Ердоған АҚШ Ресейге оң көзқарас танытпаса да Владимир Путинмен қарым-қатынастарын ешқашан үзбегендерін айтты.

Түрік экономика үлгісін инвестиция, экспорт арқылы өсу негізінде құрғандарын және осы уақытқа дейін кезең-кезеңімен көптеген жұмысты жүзеге асырғандарын атап көрсеткен президент Ердоған Түркияның жылдар бойы ұшыраған экономикалық шабуылдар және қаржы жүйесіне қарсы жасалған операцияларға сәтті тойтарыс бергенін білдірді.

Қаратеңізде табылған және энергия жүйесіне қосылған табиғи газдың ел экономикасына басқа күш қосқанына назар аударған Ердоған Габардағы мұнайды да жүйеге көбірек қосып жатқандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар