Террорист Нечирван Севен залалсыздандырылды

«Фираз Зилан» лақап атты Нечирван Севен Түркияда көше шерулері мен қауіпсіздік күштеріне қарсы шабуылдарға қатысты.

1983041
Террорист Нечирван Севен залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігіндегі Гарада бөлшектеуші террор ұйымы PKK/KCK-ның ауыз жүзіндегі арнайы күш логистикалық жауаптысы Нечирван Севен залалсыздандырылды.

«Фираз Зилан» лақап атты Нечирван Севен Түркияда көше шерулері мен қауіпсіздік күштеріне қарсы шабуылдарға қатысты.

Террористің 2015 жылы лаңкестік ұйымның ауылдық қызметкерлер тобына қосылғаны анықталды.

Террорист Нечирван Севен Ирактың солтүстігіне өткеннен кейін қатысқан операциялары мен логистикалық қызметтегі рөлі себепті Ұлттық барлау ұйымының бақылауына алынған болатын. 

Ұлттық барлау ұйымы Ирактың солтүстігіндегі Гара қаласында жүргізген түйінді операциямен террорист Нечирван Севенді залалсыздандырды.

Сонымен бірге Түрік Қарулы Күштері Ирактың солтүстігінде террористер қолданған баспана, ін және үңгірлерді күйретуде.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде "Пенче-Килит" операциясы аймағында террористер қолданған баспана, ін және үңгірлерден көптеген оқ-дәрі, жарылғыш зат пен қарулардың қолға түскенін хабалады.



Ұқсас жаңалықтар