"Altay" танкі армияға тапсырылды

Президент Сакарияда жаңа «Altay» танкін тапсыру рәсіміне қатысты.

1978431
"Altay" танкі армияға тапсырылды
altay tank.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған армияда сынақтары аяқталғаннан кейін «Altay» танкінің жаппай өндірісі басталатынын айтты.

Президент Сакарияда жаңа «Altay» танкін тапсыру рәсіміне қатысты. Мақсаттың толық тәуелсіз қорғаныс өнеркәсібі екенін меңзеген Ердоған қорғаныс жобаларының барлық бюджетінің 75 миллиард долларға жеткенін айтты.

Президент Ердоған қауіпсіздік күштері қолданатын құрлық көлігі сұранысын отандық мүмкіндіктермен қамтамасыз ету үшін неше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқандарын еске салды. Тактикалық дөңгелегі бар сауытты көліктерден минаға қарсы көліктерге дейін көптеген көліктің өндірісін табыспен атқарғандарын атап көрсеткен президент «Fırtına» гаубицаларынан басқа түрлі калибрде қару мен әскери көлікті армияның қолданысына ұсындық. Айырықша инвентарьдегі танк пен сауытты көліктерді соңғы технологиямен модернизациясын жүзеге асырдық» деді.

Ердоған Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі өнімдері көптеген армия тарапынан қолданылған «жеткізуші елге» айналғанын білдірді.  «Altay» танкіміздің осы географияда Қарулы күштер үшін өте маңызды күш ретінде міндет атқаратынына сенемін» деді ол. Президент армияда сынақтары аяқталғаннан кейін танктің жаппай өндірісі басталатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар