Президент Ердоғанның Судан дипломатиясы

Ердоған Судандағы оқиғаларды алаңдаушылықпен қадағаланғандарын тілге тиек етті.

1977729
Президент Ердоғанның Судан дипломатиясы

Президент Режеп Тайып Ердоған Судан Егемендік кеңесі төрағасы Абдулфеттах Абдуррахман әл-Бурхан және Судан Егемендік кеңесі төрағасының орынбасары, қарулы Жедел қолдау күштері қолбасшысы Мұхаммед Хамдан Дагаломен телефон арқылы бөлек сөйлесті.

Президенттік аппараттың коммуникация басқармасы жасалған мәлімдемеге қарағанда әңгіме барысында Судандағы оқиғалар талқыланды.

Президент Ердоған Судандағы оқиғаларды бауырластық сезім және алаңдаушылықпен қадағаланғандарын тілге тиек етті.

Түркияның Судандағы өтпелі кезеңді ол бастан бері шын жүректен қолдағанын атап көрсеткен президент Ердоған соңғы оқиғалардың өтпелі кезеңнің жетістіктеріне кері әсер ететінін білдірді.

Тараптарды қақтығыстарды тоқтатуға, ағайынның қанын төгуді доғаруға және келіссөзге қайта оралуға шақырған Ердоған Суданды қоғамның бірлігін қамтамасыз ету үшін қажетті қадамдарды басуға, өзара байланысты үзбеуге және проблемаларды ортақ ақылмен шешуге шақырды.

Президент Ердоған Түркия ретінде бұл үдерісте бауырлас Судан мемлекеті мен халқына қолдау көрсетуді жалғастыратынын, бітімгерлік бастамалары үшін қонақжайлық жасауға қоса әртүрлі қолдауды көрсетуге дайын екендерін білдірді.

Судандағы түрік азаматтарының өмірі мен мен мекемелерінің қауіпсіздігін қорғауды сұраған Ердоған түрік азаматтарын елге эвакуациялау, гуманитарлық жәрдем дәлізін шұғыл ашу және Хартум әуежайын қауіпсіз түрде пайдалану үшін тиісті шаралардың қабылдану керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар