Ердоған айт намазын Айя София мешітінде оқыды

Таң сәріден мешіттерді лық толтырған мұсылмандар айт намазын оқып, бір-бірін айтпен құттықтады.

1977828
Ердоған айт намазын Айя София мешітінде оқыды
erdogan cami.jpg
mescid-i aksa namaz.jpg
cami namaz1.jpg
cami namaz.jpg

Түркияда және әлемнің көптеген елінде мұсылмандар 3 күнге жалғасатын Ораза айт мерекесін бүгін қарсы алды.

Ораза айттың бірінші күні айт намазын оқу үшін азаматтар мешіттерге ағылды.

Таң сәріден мешіттерді лық толтырған мұсылмандар намаздан кейін бір-бірін айтпен құттықтады.

Президент Режеп Тайып Ердоған болса айт намазын Стамбулдағы Айя София мешітінде оқыды.

Намаздан кейін мешітте азаматтардың айтын құттықтаған Ердоған мешіттен шыққан соң баспасөз өкілдеріне шоколад пен пирогтар ұсынды.



Ұқсас жаңалықтар