АҚШ-тың F-16 жайлы болымды қадамы

АҚШ «Түркия НАТО-ны қолдайды және маңызды одақтас болып табылады» деді.

1976250
АҚШ-тың F-16 жайлы болымды қадамы

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік департаменті қолданыстағы F-16 соғыс ұшақтарының коммуникациялық мүмкіндіктерін модернизациялау үшін Түркияға «бірнеше ақпарат тарату жүйесі» деп аталатын тактикалық деректер байланыс жүйесі «Link-16»-нің модернизация бөлшектерін сатуды мақұлдады.

АҚШ қорғаныс қауіпсіздік ынтымақтастық агенттігінің жазбаша мәлімдемесінде «АҚШ Мемлекеттік департаменті Түркияға мөлшермен құны 259 миллион доллар болатын F-16 ұшақ флотының модернизация үшін қорғаныс техникасы мен қызметтерін, сондай-ақ тиісті жабдықтарды сатуға рұқсат беру туралы шешім қабылдады» делінді. 

Мәлімдемеде Конгреске сатудың мақұлдануына байланысты хабарлама жіберілгені де айтылды.

Енді бір жағынан аты-жөнінің жария етілуін қаламаған АҚШ Мемлекеттік департаментінің жоғарғы лауазым иесі «Түркия НАТО-ны қолдайды және маңызды одақтас болып табылады. (АҚШ президенті Джо) Байден әкімшілігі Түркияның F-16 флотының авиациялық техникасын стандарттау жөніндегі талпыныстарын қолдайды» деп көрсетті.

Лауазым иесі «Бұл Түркия үшін де, Түркиямен бірлескен миссияларға қатысатын барлық одақтастар және серіктестер үшін де маңызды» деді.


Этикеттер: #флот , #ұшақ , #F-16 , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар