АҚШ-та Түркиядағы жер сілкіністері көрмесі өтуде

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы АҚШ-та Түркияда болған жер сілкіністерін көрсететін  фотосуреттер көрмесін ашты.

1976460
АҚШ-та Түркиядағы жер сілкіністері көрмесі өтуде

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Конгресс ғимаратында 6 ақпанда Кахраманмарашта болған жер сілкіністерінің аянышты жағдайын көрсететін  фотосуреттер көрмесін ашты.

Коммуникация басқармасы 2023 жылдың 16-21 сәуірінде АҚШ Конгресс ғимаратында жер сілкіністердің қирауын көрсеткен және 20-дан астам фотосурет орын алған «Ғысырдың апаты» атты фотосуреттер көрмесін ашты. 

Көрменің ашылу рәсіміне Түркияның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі Хасан Мұрат Мерджан, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Өнеркәсіп, сауда, энергетика, табиғи ресурстар, ақпарат және технологиялар комиссиясының төрағасы, Әділет және даму партиясы Конья депутаты Зия Алтунялдыз, Апат және Төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) жер сілкінісі және тәуекелді азайту жөніндегі бас директоры профессор доктор Орхан Татар, Президенттік қауіпсіздік және сыртқы саясат кеңесінің мүшелері профессор доктор Чагры Ерхан мен профессор доктор Нуршин Атешоглу Гүней, Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасының орынбасары доцент Чагатай Өзмир  қатысты.

Көрмеге АҚШ Конгресінен Түрік-Америка достық тобының тең төрағасы және Оңтүстік Каролина өкілі Джо Вилсон мен Техас өкілі Пит Сешнс те қатысты.



Ұқсас жаңалықтар